​jeltoksan.
Теңіз (Sea)
Сипағанын көріп
Теңізден ескен самал жел шаштарыңды
Қанша ақын кетер екен жыр жазбай?

Ымдағанын көріп
Бағынбай сатқын көздер ғашықтығыңды
Қанша əнші
Кетер екен əн айтпай?

Асау сезім, асау жүрек
Асау сезім, асау жүрек
Бол тірек маған бол тірек
Бол тірек маған бол тірек

Сексен қыз шықса-дағы серуенге
Мен сені ғана тұтқындап əкетемін
Сенің кеудеңде өскен сезімдерді
Стокгольм синдромы деп білемін
Тепе-теңдікті ұмытып жүргенде
Қыл көпірмен өту оңай көрінеді
Ұмытам себебі ойым бір сенде
Бұны екі ерін жұмбағы деп білемін

Асау сезім, асау жүрек
Асау сезім, асау жүрек
Бол тірек маған бол тірек
Бол тірек маған бол тірек

Теңіз алып кет өзіңмен
Біздің құпияларды
Толқындарыңмен дəл осы күйде
Қойнына ғасырлардың

Теңіз алып кет өзіңмен
Біздің құпияларды
Толқындарыңмен дəл осы күйде
Қойнына ғасырлардың

Теңіз алып кет өзіңмен
Біздің құпияларды
Толқындарыңмен дəл осы күйде
Қойнына ғасырлардың
Теңіз алып кет өзіңмен
Біздің құпияларды
Толқындарыңмен дəл осы күйде
Қойнына ғасырлардың