Құрмаш Махан (Qurmash Makhan)
Армандаймын (Armandaımyn)
[«Армандаймын» әндері]
[Өлең 1]
Ұмыта алмай мен сені
Мен сені жүрмін әлі
Алай дүлей сол шақты
Сол шақты кім ұғады?
Ақылыма бағынбай
Бағынбай асау жүрек
Кеудемді де бұзардай
Бұзардай бұлқынады
[Хор]
Өткен күннің білсем де
Сезсем де оралмасын (оралмасын)
Армандаймын адам боп
Адам боп жаралғансоң
Мені мұңға батырып
Жаным-ау қалай жүрсің? (қалай жүрсің?)
Қарақат көз ай менің
Қара көз қолаң шашым
Қарақат көз ай менің
Қара көз қолаң шашым
[Өлең 2]
Айқайлап-ақ айта бер
Айта бер табаң болса
Сені ұмыта алмадым
Қайтейін амал қанша?
Қара тастан неліктен
Неліктен жарамаган?
Жұмсақ еттен жүрегім
Жүрегім жаралғанша!
[Хор]
Өткен күннің білсем де
Сезсем де оралмасын (оралмасын)
Армандаймын адам боп
Адам боп жаралғансоң
Мені мұңға батырып
Жаным-ау қалай жүрсің? (қалай жүрсің?)
Қарақат көз ай менің
Қара көз қолаң шашым
Өткен күннің білсем де
Сезсем де оралмасын (оралмасын)
Армандаймын адам боп
Адам боп жаралғансоң
Мені мұңға батырып
Жаным-ау қалай жүрсің? (қалай жүрсің?)
Қарақат көз ай менің
Қара көз қолаң шашым
Қарақат көз ай менің
Қара көз қолаң шашым
[Соңы]
Қарақат көз ай менің
Қара көз қолаң шашым