Құрмаш Махан (Qurmash Makhan)
Аңсарым (Ańsarym)
[«Кездесу мен қоштасу» әндері]

[Өлең 1]
Сені іздеп күнім жиекке жығылады
Қызыл да жасыл дүние құбылады
Жанарыма кеп түйір жас тығылады

Сезімім тамшы әйнекке ұрылады
Сыңар аққудың сыңсиды сынық әні
Сол әнді, жаным, өзіңдей кім ұғады?

[Хор]
Сағындырған күнім
Сені ойладым бүгін
Қайрылмастан рас па кеткенің?

Сағындырған күнім
Сені ойладым бүгін
Сағым болған менің көктемім

[Өлең 2]
Алмасып күнмен, көгімде ай қалады
Терезесінен көңілдің ай қарады
Тарыдай ғана жұмыр жер айналады

Мен емес, сені қара түн аймалайды
Жарық күнім ең, жылытқан бар ғаламды
Жүр екенсің-ау мекендеп қай қаланы?
[Хор]
Сағындырған күнім
Сені ойладым бүгін
Қайрылмастан рас па кеткенің?

Сағындырған күнім
Сені ойладым бүгін
Сағым болған менің көктемім (о-о-о-о-оу)

[Өту]
Сағындырған
Күнім менің
Қайрылмастан рас па кеткенің?

Сағындырған (уау-уау-уа)
Сағым болған менің көктемім

[Хор]
Сағындырған күнім
Сені ойладым бүгін
Қайрылмастан рас па кеткенің?

Сағындырған күнім
Сені ойладым бүгін
Сағым болған менің көктемім
[Соңы]
Хо-о-о-о-оу