Ninety One
UMYTPA
Mátin (Latyn) | Мәтін (Латын) | Lyrics (Latin)

[Qaıyrma: ACE]
Seniń jylýyńdy sezdim
Alysta júrseń de
Umytpa meni

[Shýmaq 1: ALEM]
Qınalyp júrmin, aıta almaı
Qalaısha júrsiń baıqamaı?
Yntyzar júrek meniń keýdemde
Jaraly bolyp qalǵandaı

[Rap 1: A.Z.]
Terezemdegi perdeler jylý ótkizbeıdi jáne álemge jabyq
Qarańǵy, sýyq bólmede seniń sýretiń maǵan beredi jaryq (Aa)
Bul oqıǵanyń basy bar, men aıaǵyn bilemin
Álim ketti, biraq, áli kelemin tek súırelip qoldaǵy taıaǵymmen
Aıǵa qaraımyn da, kózimdi jumamyn
Denemdi bosatyp ózimnen shyǵamyn
Tózýge shydam jetpeıdi múldem
Eles bop janyńa baramyn jyldam
Qasyńa kep, sezimdi aıtqym keledi, biraq shyqpaıdy únim
Jylýdy sez, oıatqym kelmeıdi, tátti ótsin dep qaıyrly túniń

[Aldyńǵy Qaıyrma: ALEM]
Aı, aı, aıly túnde
Aı, aı, aıly túnde
[Qaıyrma]
Seniń jylýyńdy sezdim
Alysta júrseń de
Umytpa meni (umytpa meni)

[Shýmaq 2: BALA]
Jalǵyz qalǵandaı ózimmen
Sharshadym ábden tózýden
Shamdarǵa toly aspanda
Juldyzym meniń sóngendeı

[Rap 2: ZaQ]
Iá, ýaqyt ótpeli zat bilemin
Jınalady aradaǵy ókpe, yza
Men kelemin bárin elemeı, tek dereý saǵan joldy taýyp
Aldaǵy taýlardy tóńkerip sap, qara!
Átteń, sýydyń, joq sezim múlde sende, endi túnekke laqtyr tek!
Men - aq kútemin seniń jylýyńdy, bilemin endi bola almaıdy dym burynǵydaı
Iá, biraqta men

[Qaıyrma]
Seniń jylýyńdy sezdim
Alysta júrseń de
Umytpa meni (umytpa meni)

Mátin (Kırıl) | Мәтін (Кирил) | Lyrics (Cyrillic)
[Қайырма: ACE]
Сенің жылуыңды сездім
Алыста жүрсең де
Ұмытпа мені

[Шумақ 1: ALEM]
Қиналып жүрмін, айта алмай
Қалайша жүрсің байқамай?
Ынтызар жүрек менің кеудемде
Жаралы болып қалғандай

[Рэп 1: A.Z.]
Тереземдегі перделер жылу өткізбейді және әлемге жабық
Қараңғы, суық бөлмеде сенің суретің маған береді жарық (Аа)
Бұл оқиғаның басы бар, мен аяғын білемін
Әлім кетті, бірақ, әлі келемін тек сүйреліп қолдағы таяғыммен
Айға қараймын да, көзімді жұмамын
Денемді босатып өзімнен шығамын
Төзуге шыдам жетпейді мүлдем
Елес боп жаныңа барамын жылдам
Қасыңа кеп, сезімді айтқым келеді, бірақ шықпайды үнім
Жылуды сез, оятқым келмейді, тәтті өтсін деп қайырлы түнің

[Алдыңғы Қайырма: ALEM]
Ай, ай, айлы түнде
Ай, ай, айлы түнде
[Қайырма]
Сенің жылуыңды сездім
Алыста жүрсең де
Ұмытпа мені (ұмытпа мені)

[Шумақ 2: BALA]
Жалғыз қалғандай өзіммен
Шаршадым әбден төзуден
Шамдарға толы аспанда
Жұлдызым менің сөнгендей

[Рэп 2: ZaQ]
Иә, уақыт өтпелі зат білемін
Жиналады арадағы өкпе, ыза
Мен келемін бәрін елемей, тек дереу саған жолды тауып
Алдағы тауларды төңкеріп сап, қара!
Әттең, суыдың, жоқ сезім мүлде сенде, енді түнекке лақтыр тек!
Мен - ақ күтемін сенің жылуыңды, білемін енді бола алмайды дым бұрынғыдай
Иә, бірақта мен

[Қайырма]
Сенің жылуыңды сездім
Алыста жүрсең де
Ұмытпа мені (ұмытпа мені)