Ninety One
E. YEAH
Mátin (Latyn) | Мәтін (Латын) | Lyrics (Latin)

[Shýmaq 1: ACE]
Ýaqyt ótken saıyn nege
Sezim sýıdy eken?
Sýretterge óń jetpeıdi me, keıde?
Tym qıyn súıý máni, ol bıik kúıdiń áni!
Deńgeıi teńeýge kelmeıtin ol beıne

[Rep 1: ZaQ]
Myna bala aıtyp ketti durys áńgime
Mahabbat shynymen sýretsiz anıme
Al meniń barym osy, sezgenshe kórsetemin
Kóbisi bilmeıdi de, ózinshe bósedi tek
Keýdeme kirgen boıda sol jaqqa, sonda seniń orynyń
Tolyp jatqan sezimdermen
Eger senbeseń onda tekser, erkeletpegen soń tek, sen

[Qaıyrmasy: BALA]
Maǵan olaı ókpe tókpe
Oılama ótirik dep, bópe, qara beri!
Munda qara! Júregińdi bur, munda qara!
Maǵan olaı ókpe tókpe
Oılama ótirik dep, bópe, qara beri!
Munda qara! Júregime bir sen, dara
[Refrain]
Ie! Ie! Ie! Ie!
Ie! Ie! Ie! Ie!

[Shýmaq 2: BALA]
Tarata tym tyń dúnıeni tánime
Men baıqadym, endigi dym kerek emes (ol sondaı)
Tiri, tipti titirkenemin tıgende (júregime)
Bul shyn mahabbattan kelgen es

[Rep 2: A.Z.]
Mássaǵan
Kóılegińniń túımeleri moıynǵa deıin
Soǵan qaraǵanda búgingi jaǵdaıym qıyn
Renjımin deısiń ba? I, qoıa ǵoı deımin!
Daıyndap qoıyp edim saǵan jýýǵa kıim
Bul da negizinde kóńildiń bir deńgeıi
Eń aldymen senim, al qalǵany keıin
Buldanýdy qoıyp, sal sózime zeıin
Seniń mıyń bolmaǵanda, endi kimdikin jeıin?

[Qaıyrmasy: BALA]
Maǵan olaı ókpe tókpe
Oılama ótirik dep, bópe, qara beri!
Munda qara! Júregińdi bur, munda qara!
Maǵan olaı ókpe tókpe
Oılama ótirik dep, bópe, qara beri!
Munda qara! Júregime bir sen, dara
[Refrain]
Ie! Ie! Ie! Ie!
Ie! Ie! Ie! Ie!

[Bridge: ALEM]
Aıtshy, sonymen ne bul? Aıtshy, sonymen ne bul?
Sózderimnen bólek, kózderimde ol
(Bar óne boıym) Bar óne boıym
(Bar óne boıym) Bar óne boıymnyń kóńil-kúıine
Múlde jetpeıdi sózim, sondyqtan da

[Qaıyrmasy: BALA]
Maǵan olaı ókpe tókpe
Oılama ótirik dep, bópe, qara beri!
Munda qara! Júregińdi bur, munda qara!
Maǵan olaı ókpe tókpe
Oılama ótirik dep, bópe, qara beri!
Munda qara! Júregime bir sen, dara

[Refrain]
Ie! Ie! Ie! Ie!
Ie! Ie! Ie! Ie!

Mátin (Kırıl) | Мәтін (Кирил) | Lyrics (Cyrillic)

[Шумақ 1: ACE]
Уақыт өткен сайын неге
Сезім суиды екен?
Суреттерге өң жетпейді ме, кейде?
Тым қиын сүю мәні, ол биік күйдің әні!
Деңгейі теңеуге келмейтін ол бейне
[Рэп 1: ZaQ]
Мына бала айтып кетті дұрыс әңгіме
Махаббат шынымен суретсіз аниме
Ал менің барым осы, сезгенше көрсетемін
Көбісі білмейді де, өзінше бөседі тек
Кеудеме кірген бойда сол жаққа, сонда сенің орының
Толып жатқан сезімдермен
Егер сенбесең онда тексер, еркелетпеген соң тек, сен

[Қайырмасы: BALA]
Маған олай өкпе төкпе
Ойлама өтірік деп, бөпе, қара бері!
Мұнда қара! Жүрегіңді бұр, мұнда қара!
Маған олай өкпе төкпе
Ойлама өтірік деп, бөпе, қара бері!
Мұнда қара! Жүрегіме бір сен, дара

[Refrain]
Ие! Ие! Ие! Ие!
Ие! Ие! Ие! Ие!

[Шумақ 2: BALA]
Тарата тым тың дүниені тәніме
Мен байқадым, ендігі дым керек емес (ол сондай)
Тірі, тіпті тітіркенемін тигенде (жүрегіме)
Бұл шын махаббаттан келген ес

[Рэп 2: A.Z.]
Мәссаған
Көйлегіңнің түймелері мойынға дейін
Соған қарағанда бүгінгі жағдайым қиын
Ренжимін дейсің ба? И, қоя ғой деймін!
Дайындап қойып едім саған жууға киім
Бұл да негізінде көңілдің бір деңгейі
Ең алдымен сенім, ал қалғаны кейін
Бұлдануды қойып, сал сөзіме зейін
Сенің миың болмағанда, енді кімдікін жейін?

[Қайырмасы: BALA]
Маған олай өкпе төкпе
Ойлама өтірік деп, бөпе, қара бері!
Мұнда қара! Жүрегіңді бұр, мұнда қара!
Маған олай өкпе төкпе
Ойлама өтірік деп, бөпе, қара бері!
Мұнда қара! Жүрегіме бір сен, дара

[Refrain]
Ие! Ие! Ие! Ие!
Ие! Ие! Ие! Ие!

[Bridge: ALEM]
Айтшы, сонымен не бұл? Айтшы, сонымен не бұл?
Сөздерімнен бөлек, көздерімде ол
(Бар өне бойым) Бар өне бойым
(Бар өне бойым) Бар өне бойымның көңіл-күйіне
Мүлде жетпейді сөзім, сондықтан да

[Қайырмасы: BALA]
Маған олай өкпе төкпе
Ойлама өтірік деп, бөпе, қара бері!
Мұнда қара! Жүрегіңді бұр, мұнда қара!
Маған олай өкпе төкпе
Ойлама өтірік деп, бөпе, қара бері!
Мұнда қара! Жүрегіме бір сен, дара

[Refrain]
Ие! Ие! Ие! Ие!
Ие! Ие! Ие! Ие!