Ninety One
SAÝ
Mátin (Latyn) | Мәтін (Латын) | Lyrics (Latin)

[Shýmaq 1: BALA]
Sen meni, men seni
Estı almaıtyn qashyqtyqtamyz
Birimizden sezim izdep
Bitken jarany ashyp qurtamyz

[Aldyńǵy Qaıyrma: ALEM]
(Ý) bári olaı emes edi basynda
(Ý) mahabbatty jekkórinish basýda

[Qaıyrmasy: BALA]
Maǵan jaqyndama, maǵan jaqyndama
Saý bol, saý bol, saý bol, saý bol
Maǵan jaqyndama, maǵan jaqyndama
Saý bol, saý bol, saý bol, saý bol

[Refrain: ACE]
Bul qoıylymnyn keldi sońy
Tek ekeýimiz ǵana bilemiz ony
Seniń oıyndaryńnyn keldi sońy
Tek ekeýmiz ǵana bilemiz ony

[Shýmaq 2: ALEM]
Qaldyqtaryń jan dúnıemdi
Bylǵaıdy, bylǵaıdy
Bilinbeıtin sende betperde
Sengenmin bekerge
[Aldyńǵy Qaıyrma: BALA]
(Ý) bári olaı emes edi basynda
(Ý) mahabbatty jekkórinish basýda

[Qaıyrmasy: BALA]
Maǵan jaqyndama, maǵan jaqyndama
Saý bol, saý bol, saý bol, saý bol
Maǵan jaqyndama, maǵan jaqyndama
Saý bol, saý bol, saý bol, saý bol

[Refrain: ACE]
Bul qoıylymnyn keldi sońy
Tek ekeýimiz ǵana bilemiz ony
Seniń oıyndaryńnyn keldi sońy
Tek ekeýmiz ǵana bilemiz ony

[Rep 1: A.Z.]
Bári bastaldy ol tyqqanda kózderin
Sýyqqandyǵa ózgerip
Ańdyǵan myn men seni baıaǵydan beri
Baıaý ýdan berip, ne baıladyń ba meni?
Tús emes túsingenim
Órmekshi sıaqtysyń
Kórgenimdi kótere almaı
Qalam jatyr sıa qusyp
Eı, mm demeımin
Bul qylyqtaryń erkeletýge kelmeıdi!
[Rep 2: ZaQ]
Nege jetpeidi yrǵaq
Sezim qurǵap, senim qur qaldy senen!
Menen sura nege
Jaýap beremin
Bári bir bári qaıtalanady
Qaıta alam seniń qolyńdy ustap (Stop!)
Taǵdyr – nashar ustaz, qap!
Tereńde qaldy daq
Sanamdy balqyta
Biraq!

[Outro: A.Z.]
Kelemin qalpyma (eı!)
Salaıyq talqyǵa, kel!
Seni kórgen kezde nege alqynam men?
Bilmeımin, álde sezim este qaldy ma tek?

[ZaQ]
Álde ne?
Umytýǵa umtylyp áldenemin
Aldaǵy isterimnen mán izdeme!
Saý!

Mátin (Kırıl) | Мәтін (Кирил) | Lyrics (Cyrillic)
[Шумақ 1: BALA]
Сен мені, мен сені
Ести алмайтын қашықтықтамыз
Бірімізден сезім іздеп
Біткен жараны ашып құртамыз

[Алдыңғы Қайырма: ALEM]
(У) бәрі олай емес еді басында
(У) махаббатты жеккөрініш басуда

[Қайырмасы: BALA]
Маған жақындама, маған жақындама
Сау бол, сау бол, сау бол, сау бол
Маған жақындама, маған жақындама
Сау бол, сау бол, сау бол, сау бол

[Refrain: ACE]
Бұл қойылымнын келді соңы
Тек екеуіміз ғана білеміз оны
Сенің ойындарыңнын келді соңы
Тек екеуміз ғана білеміз оны

[Шумақ 2: ALEM]
Қалдықтарың жан дүниемді
Былғайды, былғайды
Білінбейтін сенде бетперде
Сенгенмін бекерге

[Алдыңғы Қайырма: BALA]
(У) бәрі олай емес еді басында
(У) махаббатты жеккөрініш басуда

[Қайырмасы: BALA]
Маған жақындама, маған жақындама
Сау бол, сау бол, сау бол, сау бол
Маған жақындама, маған жақындама
Сау бол, сау бол, сау бол, сау бол

[Refrain: ACE]
Бұл қойылымнын келді соңы
Тек екеуіміз ғана білеміз оны
Сенің ойындарыңнын келді соңы
Тек екеуміз ғана білеміз оны

[Rep 1: A.Z.]
Бәрі басталды ол тыққанда көздерін
Суыққандыға өзгеріп
Аңдыған мын мен сені баяғыдан бері
Баяу удан беріп, не байладың ба мені?
Түс емес түсінгенім
Өрмекші сияқтысың
Көргенімді көтере алмай
Қалам жатыр сия құсып
Ей, мм демеймін
Бұл қылықтарың еркелетуге келмейді!

[Rep 2: ZaQ]
Неге жетпеіді ырғақ
Сезім құрғап, сенім құр қалды сенен!
Менен сұра неге
Жауап беремін
Бәрі бір бәрі қайталанады
Қайта алам сенің қолыңды ұстап (Stop!)
Тағдыр – нашар ұстаз, қап!
Тереңде қалды дақ
Санамды балқыта
Бірақ!

[Outro: A.Z.]
Келемін қалпыма (ей!)
Салайық талқыға, кел!
Сені көрген кезде неге алқынам мен?
Білмеймін, әлде сезім есте қалды ма тек?

[ZaQ]
Әлде не?
Ұмытуға ұмтылып әлденемін
Алдағы істерімнен мән іздеме!
Сау!