ZaQ
Qyzyl
[«Qyzyl» әнінің тексті]

[Қайырма: Ayree]
Жүрегімдегі тесіктер өткізеді суық
Кеудемде аяз, көрінеді буы
Сен жараладың мені, пышағыңды суыр
Неге қолдарың қызыл? Неге дала суп-суық?

[Шумақ 1: ZAQ]
Ол бәрін бірдей өзіне сүйсіндіреді
Ал айналасына көрсетеді сый-сияпат
Сен бірдеңе сезіп жүрдің түйсігіңмен
Дәл қазір алдыңда тұр социопат
Ол қарап тұрған өзі емес
Ол бетперде сыпайы түрмен, ол өрмекші
Құшағы - тор, көздері - дайын түрме
Ол манипулятор, саған уын кұятын
«Бірге бақытты болу»
Деген ол құр қиялың (қаш!)
Әрдайым ол кінәсіз тек
Сенің мейірімділігің ол үшін жәй әлсіздік
Бірінші дауыс көтереді — сен үндемейсің
Кейін қолын көтереді — сен үндемейсің
Бәрі қалыңды сұрайды — сен үндемейсің
Енді тағы кішкене — сен мәңгілікке үндемейсің
[Қайырма: Ayree]
Жүрегімдегі тесіктер өткізеді суық
Кеудемде аяз, көрінеді буы
Сен жараладың мені, пышағыңды суыр
Неге қолдарың қызыл? Неге дала суп-суық?
Жүрегімдегі тесіктер өткізеді суық
Кеудемде аяз, көрінеді буы
Сен жараладың мені, пышағыңды суыр
Неге қолдарың қызыл? Неге дала суп-суық?

[Бридж: Ayree]
Неге қолдарың қызыл? Неге дала суп-суық?
Неге қолдарың қызыл? Неге дала суп-суық?

[Шумақ 2: ZAQ]
Қызылмен жанып тұрғанда, әрбір жасушаң, жасушаң
Саған қашу үшін қосылады бүкіл жасыл шам, жасыл шам
Толық өшірілмей тұрғанда шекараң, шекараң
Жағдайға қиын болса да тіке қара, тіке қара, тіке қара
Тек біреу кеткенде аспанға, бәрі жерге түседі
Мен де бұндай әнді ешқашан шығарғым келмес еді
Алайда біліп жүргенің дұрыс тек бір нәрсе
Зорлықты сүйеді тек психопат не қылмыскер

[Аутро: Ayree]
Неге қолдарың қызыл? Неге дала суп-суық?
Неге қолдарың қызыл? Неге дала суп-суық?