ZaQ
KIIM (from ”Venom: The Last Dance”)
[«KIIM» әнінің тексті]
[Шумақ 1]
Болғым келмеді мүлде gangstar
Ұмтылдым балансқа
Рухым мен эгомды тең ұстап
Артығын аластап
Іздедім шынайылық
Қап-қара мәдениет жаныма жұқты секілді Веном
Жинадым skills істеу үшін мәңгілік болу үшін емес Memo
[Алдыңғы Қайырма]
Бізді сынайтын күй жоқ
Жастарда неге ми жоқ?
Бірақ айфон болатын ба еді
Қазақстанда туса Стив Джобс?
Балалар айтад “істейік шоу”
Тек тойларыңа бара алмаймын
Сәйкес келетін киім жоқ
[Қайырма]
Веном!
Веном секілді бөлек әлемнен
Веном!
Веном секілді бөлек әлемнен
[Bridge]
Біздің уақыт келді дейм(ін)
Өмір сүр ертегідей
Біздің уақыт келді дейм(ін)
Бұл әлемді төңкеретін
[Шумақ 2]
Баяғыдан рэппер емеспін, шектелгім келмейді жанрмен
Аяғы жоқ бұл бәлеге бірден тереңінен кірдім тамырмен
Бұзудан табуды, өзіңді табудан басталады өнер, төгіп кел көп тер
Ал сен қасқыр болғың келеді бірден
Окей, квадробер!
[Алдыңғы Қайырма]
Бізді сынайды күй жоқ
Жастарда неге ми жоқ?
Бірақ оскар алатын ба еді
Қазақстанда туса Хичкок?
Даралар таңдайды қиын жол
Мен тойларыңа бара алмаймын
Сәйкес келетін киім жоқ
[Қайырма]
Веном!
Веном секілді бөлек әлемнен
Веном!
Веном секілді бөлек әлемнен
[Аутро]
Веном!
Веном секілді бөлек әлемнен
Веном!
Веном секілді бөлек әлемнен