O.You Dombra Vibes

Mátin (Latyn) | Мәтін (Латын) | Lyrics (Latin)



[Kirispe]
Aı, men bir túrli, bir túrlimin

Meni túsenbeı qansha aıttyń túr-túrli min (mmm)

Kúldirttiń deımin, kúldirttiń

Al meniń sahnam astymnan gúrildep tur (prr)

I ne bop ketti myna arada? (Aaa) Myna arada?

Keshe ǵana mama aıtty: "aınalańa qarama, tek bas alǵa" dedi

Men: "OK!" dedim

Sosyn, jaılap mı arqyly óz-ózime toq berdim



[Shýmaq 1]

(Aaa) Al endi aınalany túıindeıik

Qazirgi kúıim týra Qurmaǵazynyń kúıindeı

Óner jibermeıdi, sahnam bir meniń úıimdeı

Biraq, men qazir keshke qyzyma baryp

Oǵan súıemin deımin ba ne?



[Aldyńǵy Qaıyrma 1]

Aınalanyń bári múltfılm

Sen estip turyp, túsinbeı tursań seni turtpeımin (Boo)

Keptelis, bitpeıtin bir, bárinde bir: "keptelis"

Júrem deıtinder bolsa, joldar bar negizi tep-tegis



[Qaıyrmasy]

Ústi-basym oıý-oıý! Ústi basym oıý!

Oıym: "artta qalǵan izderimdi joıý"

Oıyn sıaqty aınalam: tuman qoıý-qoıý

Artymnan qalmaı keledi

Ústi-basym oıý-oıý! Ústi basym oıý!

Oıym: "artta qalǵan izderimdi joıý"

Oıyn sıaqty aınalam: tuman qoıý-qoıý

Artymnan qalmaı keledi



[Shýmaq 2]

Ońaı emes, tańdaǵan jolym qıyn-qıyn-qıyn

Júrgen saıyn shytyrlaıdy qaltamdaǵy tıyn-tıyn

Myna shyrshanyń shyńyndaǵy juldyz jyltyrlap

Shaǵylysyp kózge tússe de, dym qyzyktyrmaıdy

Búgin seniń túsińe kirip, istep ketemin

Ózimdikin istep ketemin, ketpeý úshin ister tekke

Dalada qar, kún sýyq, sur bultty aspan

Men úıge kelgenshe, bóten bireýge qulypty ashpa



[Aldyńǵy Qaıyrma 2]

Qoradaǵy eshkiler áne, izdeý ústinde laqtaryn

Aqqýlar andyp tur bireýdiń tyǵyp ketken zattaryn

Balalar baqytty, toıyp alyp múltfılmge

Bútkil telekti óshirip tastaıtyn púlt kimde deımine?



[Qaıyrmasy]

Ústi-basym oıý-oıý! Ústi basym oıý!

Oıym: "artta qalǵan izderimdi joıý"

Oıyn sıaqty aınalam: tuman qoıý-qoıý

Artymnan qalmaı keledi

Ústi-basym oıý-oıý! Ústi basym oıý!

Oıym: "artta qalǵan izderimdi joıý"

Oıyn sıaqty aınalam: tuman qoıý-qoıý

Artymnan qalmaı keledi



Mátin (Kırıl) | Мәтін (Кирил) | Lyrics (Cyrillic)



[Кіріспе]

Ай, мен бір түрлі, бір түрлімін

Мені түсенбей қанша айттың түр-түрлі мін (ммм)

Күлдірттің деймін, күлдірттің

Ал менің сахнам астымнан гүрілдеп тұр (prr)

И не боп кетті мына арада? (Ааа) Мына арада?

Кеше ғана мама айтты: "айналаңа қарама, тек бас алға" деді

Мен: "ОК!" дедім

Сосын, жайлап ми арқылы өз-өзіме тоқ бердім



[Шумақ 1]

(Ааа) Ал енді айналаны түйіндейік

Қазіргі күйім тура Құрмағазының күйіндей

Өнер жібермейді, сахнам бір менің үйімдей

Бірақ, мен қазір кешке қызыма барып

Оған сүйемін деймін ба не?



[Алдыңғы Қайырма 1]

Айналаның бәрі мультфильм

Сен естіп тұрып, түсінбей тұрсаң сені тұртпеймін (Boo)

Кептеліс, бітпейтін бір, бәрінде бір: "кептеліс"

Жүрем дейтіндер болса, жолдар бар негізі теп-тегіс



[Қайырмасы]

Үсті-басым ою-ою! Үсті басым ою!

Ойым: "артта қалған іздерімді жою"

Ойын сияқты айналам: тұман қою-қою

Артымнан қалмай келеді

Үсті-басым ою-ою! Үсті басым ою!

Ойым: "артта қалған іздерімді жою"

Ойын сияқты айналам: тұман қою-қою

Артымнан қалмай келеді



[Шумақ 2]

Оңай емес, таңдаған жолым қиын-қиын-қиын

Жүрген сайын шытырлайды қалтамдағы тиын-тиын

Мына шыршаның шыңындағы жұлдыз жылтырлап

Шағылысып көзге түссе де, дым қызыктырмайды

Бүгін сенің түсіңе кіріп, істеп кетемін

Өзімдікін істеп кетемін, кетпеу үшін істер текке

Далада қар, күн суық, сұр бұлтты аспан

Мен үйге келгенше, бөтен біреуге құлыпты ашпа



[Алдыңғы Қайырма 2]

Қорадағы ешкілер әне, іздеу үстінде лақтарын

Аққулар андып тұр біреудің тығып кеткен заттарын

Балалар бақытты, тойып алып мультфильмге

Бүткіл телекті өшіріп тастайтын пульт кімде дейміне?



[Қайырмасы]

Үсті-басым ою-ою! Үсті басым ою!

Ойым: "артта қалған іздерімді жою"

Ойын сияқты айналам: тұман қою-қою

Артымнан қалмай келеді

Үсті-басым ою-ою! Үсті басым ою!

Ойым: "артта қалған іздерімді жою"

Ойын сияқты айналам: тұман қою-қою

Артымнан қалмай келеді

More by A.Z. (KZ)

All A.Z. (KZ) songs →