Ризамын тағдырға (Grateful to Fate)

Ризамын тағдырға / Rizamyn tağdyrğa (I'm Grateful To Fate) Lyrics

[Verse 1]
Тағдыр сені маған сый қып тартқанда
Құйттай жүрек шіркін, дамыл тапқан ба
Бірге барып бас иейік екеуміз
Шолпан жұлдыз атып келе жатқанда

[Chorus]
Сендім саған
Сенімімді құлатпа
Сүйдім сені, өтінем мені жылатпа
О тағдырым, шатастырып есімді ап
Қателесіп тек кешірім сұратпа

[Verse 2]
Басқа сыйлық сұрамаймын өмірден
Адал жар бол сүйер мөлдір көңілмен
Білмейсің ғой сағынғанда мен сені
Ұзақ түннің таңында әзер көз ілгем

[Chorus]
Сендім саған
Сенімімді құлатпа
Сүйдім сені, өтінем мені жылатпа
О тағдырым, шатастырып есімді ап
Қателесіп тек кешірім сұратпа
[Verse 3]
Сенің көзің тұнық маған көл дейін
Сол айдында аққуың боп көлбейін
Менің мөлдір бұлағым-ау шәрбатты
Сен қасымда болсаң неге шөлдейін

[Outro]
Сендім саған
Сенімімді құлатпа
Сүйдім сені, өтінем мені жылатпа
О тағдырым, шатастырып есімді ап
Қателесіп тек кешірім сұратпа