Welcome to MyBunny.TV - Your Gateway to Unlimited Entertainment!

Enjoy 6,000+ Premium HD Channels, thousands of movies & series, and experience lightning-fast instant activation.
Reliable, stable, and built for the ultimate streaming experience - no hassles, just entertainment!

Join the fastest growing IPTV community today and discover why everyone is switching to MyBunny.TV!

Start Watching Now
​jeltoksan.
Men de Süyem
[Verse 1]
Құттай бөлшектерге мені бөл де қайта жина
Езілгендей аяқ астында улы сары шаян менде жоқ таңдау
Сенің еркің шектеуге келмейді некен-саяқ сендейлер
Келемін де жаямын саған барымды
Жасырмай

[Chorus]
Cосын сен сүйемін дейсің
Мен де сүйемін сен сүйгеннен де қаттырақ
Сосын сен білемін дейсің
Мен сені білемін
Білемін сенен де жақсырақ
Өрілсе алақандар ешкім жаза алмас
"Біз"-ге айналар сен және мен
"Өзім" қалмас

[Verse 2]
Жақындайды үйлер
Кездесу гүлдер
Бұлттардың арасында
Кештер мен түндер
Сені күткендей расында
Бұл шамдар мен үйлер
Сені көріп тамсанғаннан
Айналады биде
Күзгі жапырақтар
Бұл балдың ортасында
Көйлегің алған анаңнан
Бояуыңмен берген апаң
[Chorus]
Cосын сен сүйемін дейсің
Мен де сүйемін сен сүйгеннен де қаттырақ
Сосын сен білемін дейсің
Мен сені білемін
Білемін сенен де жақсырақ
Өрілсе алақандар ешкім жаза алмас
"Біз"-ге айналар сен және мен
"Өзім" қалмас