Jalyqtym | Жалықтым | I’m So Lucky

Өлең мәтіндері (Кирилл) | Óleń mátinderi (Kırıll) | Cyrillic Lyrics



[AKIM]

Суындық лезде

Жалығып мәнсіз ұрыстан

Кінəні ізде

Мен үнсіз қалам



[SHYN]

Сен жалғыз мұңайып, ашу ұлғайып

Бекер жылайсың!

Не сені қинайды, айтшы шынайы

Қалай шыдайсың?



[OTTY]

У! Жалықтым, Жалықтым

Үнемі күрсіну!

У! Жалықтым, Жалықтым

Тағыда ұрысу!



[SMIT]

Түсінуге тырыс, жалықтым бәрінен!



Тоқташ бұның бәрі екеумізге жат

Ұмытпаш болашақты жүріп едікқо "болжап"

Айнала көрме кеудесі бос қуыршаққа

Болып қу біреудің пікіріне олжа

Әлемдегі ең сұлу жан сен

Өміріме енгіздің керемет әсер

Бірақта неліктен пайда болды арамызда тосқау(ыл)

Мүмкін емес қолыңды ұстау!



[OTTY]

Айтшы не сенің қалауың?



[AKIM]

Өте көп неге сауалың?



[SHYN]

Соңғы кездесу

Айналдық бөтен адамға

Қажетсің есту

Сөзімді соңғы



[OTTY]

Жүйкең себепсіз кетті құбыла

Жүріп бұлдана

Үйткен сезімің, маған қажетсіз

Енді жолама!



У! Жалықтым, Жалықтым

Үнемі күрсіну!

У! Жалықтым, Жалықтым

Тағыда ұрысу!



[YOUNG KHAN]

I just want away

Қылықтырың зұлым

Айтшы сонымен не?

Алып ал жұлып

Жүрегімді суырып - суырып

Мінезіңді өзгертуге тырыстым

Кей сұмдық!



Бірақ бұның бəрі бекер екен

Өнеріңді көрсеткенің жетер

Шетен шығып кеттің Бақыты еттім

Дегеніңе кəдімгідей келед(і) күлкім

Болмайтын заттарға ауыт қып

Көңілді түсірдің

Уақыт өте келе

Бөтенбіз түсіндім

Соңғы сөзің не?

Ғашық болып едім, дедім

Ес түссіз сезімді қабылдамай кетіп едім естусіз

Енді келіп тұрсын айтшы неліктен?



[AKIM]

Жалғыз мұңайып, ашу ұлғайып

Бекер жылайсың!

Не сені қинайды, айтшы шынайы

Қалай шыдайсың?



Айтшы не сенің қалауың? (Уооу, Уооу)

Өте көп неге сауалың? (Уооооу)



[YOUNG KHAN]

Жалықтым бəріне мен!



[YOUNG KHAN]

Іздедік шығар жолды бірге əбден

Тəуелді болдық тұрақсыздыққа неге əттең

Жалғыздық бізбен əр сəтте

Жəне жетпейді дəрмен!



[SMIT]

Одан əрі шыдау келмейді қолдан

Болуға бірге кедергілер əбден

Толған қолдан, Берілген мүмкіндікті

Сөйлеуге жолда !!! жолда!



[YOUNG KHAN]

Не себеп əп сəтте өзгеруге

Құбылмалы мінезің əкеледі күйзеліске

Жылдам доғар, сөйле, қал

Немесе тұқ етері жоғал!



Óleń mátinderi (Latyn) | Өлең мәтіндері (Латын) | Latin Lyrics



[AKIM]

Sýyndyq lezde

Jalyǵyp mánsiz urystan

Kináni izde

Men únsiz qalam



[SHYN]

Sen jalǵyz muńaıyp, ashý ulǵaıyp

Beker jylaısyń!

Ne seni qınaıdy, aıtshy shynaıy

Qalaı shydaısyń?



[Qaıyrmasy: OTTY]

Ý! Jalyqtym, jalyqtym

Únemi kúrsіný!

Ý! Jalyqtym, jalyqtym

Taǵyda urysý!



[SMIT]

(Túsinýge tyrys, jalyqtym bárinen!)

Toqtash bunyń bári ekeýmizge jat

Umytpash bolashaqty júrip edikqo "boljap"

Aınala kórme keýdesi bos qýyrshaqqa

Bolyp qý bireýdiń pikirine olja

Álemdegі eń sulý jan sen

Ómirime engizdiń keremet áser

Biraqta nelikten paıda boldy aramyzda tosqaýyl

Múmkin emes qolyńdy ustaý!



[OTTY]

Aıtshy ne seniń qalaýyń?



[AKIM]

Óte kóp nege saýalyń?



[SHYN]

Sońǵy kezdesý

Aınaldyq bóten adamǵa

Qajetsiń estý

Sózimdi sońǵy



[OTTY]

Júıkeń sebepsiz ketti qubyla

Júrip buldana

Úıtken sezimiń, maǵan qajetsiz

Endi jolama!



[Qaıyrmasy: OTTY]

Ý! Jalyqtym, jalyqtym

Únemi kúrsiný!

Ý! Jalyqtym, jalyqtym

Taǵyda urysý!



[YOUNG KHAN]

I just want away

(Qylyqtyryń zulym)

Aıtshy sonymen ne?

(Alyp al julyp)

Júregimdi sýyryp (sýyryp - sýyryp)

Minezińdi ózgertýge tyrystym

Keı sumdyq!



Biraq bunyń bári beker eken

Ónerińdi kórsetkeniń jeter

Sheten shyǵyp kettiń Baqyty ettim

Degenińe kádimgideı keledi kúlkim

Bolmaıtyn zattarǵa aýyt qyp

Kóńildi túsirdiń

Ýaqyt óte kele

Bótenbiz túsindim

Sońǵy sóziń ne?

Ǵashyq bolyp edim, dedim

Es tússiz sezimdi qabyldamaı ketip edim estýsiz

Endi kelip tursyn aıtshy nelikten?



[AKIM]

Jalǵyz muńaıyp, ashý ulǵaıyp

Beker jylaısyń!

Ne seni qınaıdy, aıtshy shynaıy

Qalaı shydaısyń?



Aıtshy ne seniń qalaýyń? (Ýoý, Ýoý)

Óte kóp nege saýalyń? (Ýoý)



[YOUNG KHAN]

Jalyqtym bárine men!



[YOUNG KHAN]

Izdedik shyǵar joldy birge ábden

Táýeldi boldyq turaqsyzdyqqa nege átteń

Jalǵyzdyq bizben ár sátte

Jáne jetpeıdi dármen!



[SMIT]

Odan ári shydaý kelmeıdi qoldan

Bolýǵa birge kedergiler ábden

Tolǵan qoldan, Berilgen múmkindikti

Sóıleýge jolda! jolda!



[YOUNG KHAN]

Ne sebep áp sátte ózgerýge

Qubylmaly mineziń ákeledi kúızeliske

Jyldam doǵar, sóıle, qal

Nemese tuq eteri joǵal!