MadMan
Eshkimge aitpa
Қазалы халқы, қазаны көрген халық
Мені тынышталдырмайды, неге бізде мұндай қалып
Бауыр,қарындастарым жерді жастықсыз жастанды
Солар кетіп қалған соң өзімді сезінемін тастанды
Өлімді іздейміз ұдайы
Бізді құтқармайды сенің ағаштан жасалған Құдайың
Жердің қап-қара мұнайы
Әзірейілді жұмыспен қамтиды бұл шындықтан шынайы
Адамдар да жойылады жойылғандай динозавр
Сәби қыз өмір сүреді, көшелерден жинап жәбір
"Ұрпақсыздық үшін" стакандағыны тауыс
Түтіндерді жұтудан шаршаған емес ауыз
Бұл үшін кім жауапты? "мен емес деймін"
Өмір үшін күрес десем ешкімде кем емес киім
Қоғамда сәнге айналды келеңсіз жәйттар
Оған ешкім мән бермейді ешкімге айтпа

Мен саған бір зат айтамын оны ешкімге айтпа
Қалсын құпия болып (мақұл)

Аза тұтып әлем киді үстіне обіш
Өгейсірей бастап үміті өліп кезекпен келді өкініш
Ол болғысы келмейді біреудің құлы
Адамның жүрегінде құлып себебі ол Құдайдың ең сүйкті ұлы
Ешкімге айтпа бірақ негізі сен емес біреудің жалғызы
Түсіңде армандап қызды көрпенің үстіне ағыздың
Нух Пайғамбардың кемесіне сенімдісі
Ғана кіреді яғни бір әйел және бір кісі
Көзіңді аш,оян бұл сенің түсің
Ешқандай сәні жоқ бүткіл өміріңнің үзіндісі
Бұл тізімде сен де мен де бармын
Түсірсем де біреудің арын шығармасамда қарын
Ұмытып қалдым қай жерде мақтанып
Қай жерде ұяларын қалай пайдаланарын
Қудайдың берген дарын
Әлем тұнғиыққа батты
Ешкімге айтпа айтқанымен жұртқа қызықтырмапты
Ертең бізді тұрғызады саппен
Сол кезде сұраймын сен мені тындаппен а?
Мен саған бір зат айтамын оны ешкімге айтпа
Қалсын құпия болып (мақұл)

Жетпей тұрғандай ақыл
Мына бір жігіт өзінше мені дұрыс жолға шақырды
Ал мен қарап оның бетіне
Сау бол дедім де өз жолыммен кете бердім
Өткенді еске алсам жылағым келеді
Сол кезде еді бәрі керемет ка бәрі кері кетті
Жүрміз керек етіп үлкен бір көмекті
Үлкендер біледі бақыттың не екенін
Ал мен үшін анамның күлген келбеті
Бақыт атты кітабымның ең бірінші беті
Бәрі болып жатыр кері
Және күннен күнге жойылуда балалық шақтың әндері
Бақырып таусылды демім көз ашық кезде
Байқамай қалдым-ау дим айналаның өзгергенін
Мына бала кеше досым еді бүгін болып кетті мистер
Сондықтан шығар танымай өтіп кеткені
Осыны өзі қалады заман
Бұл жерде болмау керек балапан болу керек атаман
Сұрап едім атамнан ол көзіме қарап
Көзінен жас кетіп алғандай өткеннен жарақат
Ойындағын айтып
Ешкімге айтпағанымды қалады есіне алғысы келмеді қайтып